Ауа райы
1 мин оқу 286

Ауа райы: нағыз көктем енді келеді

Қазгидромет 31 наурыз – 2 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елдің солтүстік өңірлеріне қыс алып келген циклонның орнын батыс антициклоны басады. Соған байланысты қиыр батыс және солтүстік өңірлерді қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын тоқтайды.

Сондай-ақ антициклонға байланысты еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріліп, қазақстандықтар нағыз көктемді сезінеді.

Республиканың батысында термометр бағаны +10+20 градусқа, солтүстік, шығыс өңірлерде +5+13 градусқа, оңтүстікте +15+23 градусқа жетеді.

Бөлісу:
Ауа райы: нағыз көктем енді келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар