Оқиға
1 мин оқу 235
ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды
<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
ҰҚК мәліметінше, 2022 жылғы 18 наурызда ҰҚК-ның Шымкенттегі департаменті қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партиясын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. деген азаматты ұстаған.
«Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден аса жоғары сапалы ауған гашиші алынды. Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады», делінген хабарламада.
Соталды тергеу материалы ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.
Бөлісу: