Қазақстан
1 мин оқу 340

Ерлан Қарин Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Мемлекеттік хатшы дипломаттарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының мән-маңызы туралы айтып, Президенттің жақында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі қағидаларына тоқталды.

Еліміздің суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу тетіктеріне, соның ішінде, Мәжілісті қалыптастырудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесіне, палаталардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды тіркеу тәртібін ырықтандыру, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалау, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Бөлісу:
Ерлан Қарин Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар