Төрт өңірдің бірнеше учаскесінде әлі жол жабық
<p style="text-align: justify;">Еліміздегі ауа райының күрт нашарлауы салдарынан Қазақстанның төрт өңірінде он екі жол учаскесі әлі ашылған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Деректерге сенсек, Ақмола, ШҚО, Қарағанды және Қостанай облысында бірнеше жол бөлігі әлі күнге ашылмаған.
«Өңірлердегі тұрғындардың алыс жолға шықпағаны жөн. Ауа-райы болжамын ұдайы назарда ұстаған ләзім. Автокөлікпен қар құрсауында қалғандар болса, 1403 нөміріне хабарласқаны дұрыс», делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысын реттеу мақсатында 1100 қызметкер мен 650 бірлік арнайы техниканы жұмылдырған.