Қоғам
1 мин оқу 204

Тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегі артады

<p style="text-align: justify;">Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі &laquo;Жеке пай&shy;да&shy;&shy;лануға арналған тауар&shy;ларға байланысты жекелеген мәселе&shy;лер туралы&raquo; Еуразия&shy;лық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 ше&shy;шіміне өзгерістер енгізу ту&shy;ра&shy;лы&raquo; 2022 жылғы 17 нау&shy;рыз&shy;дағы № 35 шешімін қабылдады.</p>

Тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегі артады

Шешім ресми жарияланған күні­нен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 21 наурызда жарияланған).

Шешімде 2022 жылғы 1 қазан­ға дейін Еуразиялық эко­но­ми­калық одақтың кедендік аумағы­на тасымалдаушы жет­кізетін неме­се халықаралық пошта жөнелтілім­дері­мен жіберілетін жеке пайда­лануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегін 200 еуродан 1000 еуроға дейін арттыру көзделген. Бұл ретте салмақ шегі қолданыстағы шектерде қалады – 31 килоға дейін.

Көрсетілген кезеңде Еура­зиялық экономикалық одақ­тың кедендік аумағына тасы­малдау­шы жеткізетін немесе халық­ара­лық пошта жөнел­тілім­дері­мен 1000 еуро және 31 кило ше­гінде жіберілетін жеке пай­да­лануға арналған тауарларға ке­дендік төлемдер салынбайды.

Бұл шек уақытша негізде – 2022 жылғы 1 қазанға дейін ұлғайтылды. Осылайша, 2022 жылғы 31 наурыздан бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде, егер сәлемдеменің құны 1000 еуро сомасынан асып кетсе және (немесе) оның салмағы 31 ки­лодан асатын болса, алушы құнның 15% мөлшерінде, бі­рақ құнның және (немесе) сал­мақ нормасының асып кетуі бөлі­гінде 1 кило үшін 2 еуродан кем емес кедендік баж төлеуі қажет.

Бөлісу:
Тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегі артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар