Білім
1 мин оқу 250

Олимпиадада олжа салды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық онлайн олимпиадасында (АТМО) бақ сынаған Рахым Баймурзин есімді бозбала тамаша табысқа қол жеткізді. Ол әлемнің 38 елінен жүздеген оқушы қатысқан додада алтын медаль иегері атанды.</p>

Олимпиадада олжа салды

Рахым Баймурзин Қара­ған­дыдағы Назарбаев зият­керлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Өзінің ай­туын­ша, аталған олимпиада сынына былтыр да қатысып, олжалы болған екен.

– Мен Азия-Тынық мұ­хиты математикалық олим­пиадасына бірінші рет қа­тысып отырған жоқпын. Өткен жылы күміс жүл­деге ие болдым. Ал биыл мақ­са­тыма жетіп, алғашқы алтын ме­далім­ді жеңіп алдым. Егер олим­пиада дәстүрлі форматта өткенде, тіпті де жақсы болар еді. Дегенмен өз басым бәріне де ризамын, – деп ағынан жарылды жас математик.

Айта кету керек, бұл же­ңіс жас дарынға еліміздің құ­рама командасы сапына еніп, Халықаралық матема­тика олимпиадасында Қа­зақстанның намысын қор­ғауға мүмкіндік береді.

Рахым Баймурзин ал­дағы уақытта қандай уни­верситетті таңдайтынын әлі шешпеген екен. Бірақ ол өзінің болашағын дәл ғы­­лымдармен байланыс­тырғысы келеді.

Еске сала кетсек, Ха­лық­­­аралық Азия-Тынық мұ­хиты математикалық он­лайн олимпиадасына елі­міздің түпкір-түпкірінен 131 оқушы қатысты. Ал осы зияткерлік додасында оқушылары бақ сынаған әлем елдерінің қатарында АҚШ, Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, Арген­тина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Қатар, Оң­түстік Корея, Түркия және басқа да ғылымы мен бі­лі­мі дамыған мемлекеттер болды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Олимпиадада олжа салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар