Бокс
1 мин оқу 720

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жек өткізеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасында орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 21 мамырда өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл ESPN телеарнасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ.

«Сейсенбі күні орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титул үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға арналған промоутерлік өтінім бойынша мәміле жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының басты шарасында кездеседі», деп жазды журналист Дэн Рафаэль Twitter-де.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жек өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар