ANTIKOR
1 мин оқу 235

Түркістанда пара алған шенеунікке 23 млн теңге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Дадаметовты мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған лауазым иесі Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдан жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Түркістанда пара алған шенеунікке 23 млн теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар