Оқиға
1 мин оқу 240

Қостанай облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы Амангелді ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлады <a href="/">Egemen.kz</a> облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.</p>

Үйде 1983 және 1994 жылы туған ерлі-зайыпты төрт баласымен бірген тұрған. Балалардың үлкені 8 жаста.
 
Өрт сөндірушілер келгенше көршілер төрт баланы өрт ортасынан шығарған, ол уақытта балалар үйде жалғыз қалған. Өрт болған кезде ата-анасы жұмыста болған.
 
«Сағат 10:55-те Амангелді аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылдары туған үш баланың көз жұмғанын тіркеді», деп хабарлады ТЖД.
 
Өртті сөндіруге Амангелді ауылының 26 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
 
Өрттің шығу себебін анықтау үшін Амангелді ауданына ТЖД мамандары жіберілді.
Бөлісу:
Қостанай облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар