Қоғам
1 мин оқу 304

Қоғамдық көліктегі жол ақысы қымбаттай ма

<p style="text-align: justify;">Елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемін арттыру әлі жоспарланбаған. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясында айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Қоғамдық көлікте жол жүру төлемін арттыру жоспарланбаған. 2014 жылдан бастап жол жүру құны 90 теңгені құрайды. 8 жыл ішінде жол жүру құны өзгермеді. Әрине, 8 жыл ішінде бәрі қымбаттады, бірақ Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі қоғамдық көлік шығындарын арттыруға және субсидиялауға жол бермейді», деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Сондай - ақ, компания тарифті көтеру мәселесі мәслихатта көтеруді негіздеу қажеттілігін қарастыратын үлкен жұмыс екенін және содан кейін ғана шешім қабылданатынын түсіндірді. 

Бөлісу:
Қоғамдық көліктегі жол ақысы қымбаттай ма · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар