Экономика
1 мин оқу 365

Доллар бағамы тағы өсті

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.</p>

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы - 466,31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 471,85 теңге, сатылым - 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.
Бөлісу:
Доллар бағамы тағы өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар