Ауа райы
1 мин оқу 305

Елордада және тағы сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Дауылды ескерту Нұр-Сұлтанда және еліміздің тағы сегіз өңірінде жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Нұр-Сұлтанда 2 сәуірде түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында - 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте екпіні 16 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Елордада және тағы сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар