Қарағанды облысында 2 баланы ит қауып кетті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қарағанды облысында екі баланы ит қауып кетті. Оқиға салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Кеше, 1 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне Ақтоғай ауылында екі баланы ит қапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері 3 және 5 жас аралығындағы екі баланы өздерінің үйінің ауласында ойнап жүргенде бос жүрген ит қауып алғаны анықталды.
«Балалар ауруханаға жеткізілді, бірақ 3 жастағы бала алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша Ақтоғай аудандық Полиция бөлімі тергеу жүргізуді бастады», делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.