Президент
1 мин оқу 1,710

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://akorda.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-provel-telefonnyy-razgovor-s-prezidentom-rossii-vladimirom-putinym-234959" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақордаға</a> сілтеме жасап.</span></p>

Әңгіме барысында екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді.

Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар