Елорда
1 мин оқу 532

Елордада 16 автобус бағытын өзгертті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, жол жабыны қалпына келтірілгенге дейін № 24, 45, 46, 15, 15А, 22А, 14, 5А, 6, 16, 37, 72 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сондай-ақ, Қосшы қаласына қатынайтын № 302, 303, 320, 323 бағдар автобустары жолдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін «Лесная поляна» тұрғын үй алабына кірмей Республика көшесімен тура жүреді.

Жол жұмыстарына және айналма жолдың мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан зиратқа бұрылуға дейінгі учаскесінің жабылуына байланысты №69 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бөлісу:
Елордада 16 автобус бағытын өзгертті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар