БҚО-да 170-тен астам үй су астында қалды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында қардың еруі мен жауын-шашынның жаууы салдарынан 2 елді мекенде еріген қар суы басылды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </span>ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
Жақсыбай ауылында шамамен 170 тұрғын үй су астында қалды, Жергілікті атқарушы органдардың және Шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланды, оның ішінде 89 бала «М.Б.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-де және 332 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Таловка ауылында 2 тұрғын үй су астында қалды. 8 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала туыстарына орналастырылды.
ТЖД, ЖАО, Шекара қызметінің күштерімен аулаларды аралау жүргізіледі, кезекшілік ұйымдастырылды.
Атырау облысының ТЖД-нан қосымша БҚО-ға МИ-8 тікұшағымен қажетті құрал-жабдықтармен 12 құтқарушы және автокөлікпен күштер мен құралдарды топтастыру, жеке құрамнан 34 адам және 4 бірлік техника жіберіледі.
Сондай-ақ, облыс орталығынан жеке құрамнан 20 адам және 3 бірлік техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды.