Тағайындау
1 мин оқу 1,143

Атырауда кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Облыс әкімі Махамбет Досұхамбетовтің өкімімен Нұрбол Жаңабеков облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұрбол Мейрамұлы 1987 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер, «Болашақ» бағдарламасымен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін мемлекеттік және муниципальды басқару мамандығымен бітірген. Президенттік жастар кадр резервіне алынған.

Еңбек жолын 2012-2013 жылдары Аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық істер жөніндегі комитетінде сарапшы ретінде бастаған. 2013-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде бас сарапшы, кейін басқарма басшысы қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары ҚР Президенті іс басқармасында бас инспектор, «Атамекен» ҰКП-ның сарапшы болып жұмыс істеген. 2019-2020 жылдары «Кәсіпкерлікті дамытуды зерттеу» орталығында жобалық топ жетекшісі, «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ президентінің орынбасары, 2020-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры болған. 2021 жылдың сәуір айынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-да тарифтер және маркетингтік талдау департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

Бөлісу:
Атырауда кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар