Аймақтар
1 мин оқу 280

Мұнай-газ саласындағы монополистік ұйым анықталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті &laquo;Сұйытылған мұнай-газын сақтау паркі&raquo; ЖШС&nbsp;басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«2017-2021 жылдары «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай-газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана отырып, сұйытылған мұнай-газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткен», делінген хабарламада.

«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгеге жеткен. Ол толық көлемде қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес озге де деректер жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Мұнай-газ саласындағы монополистік ұйым анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар