Қазақстан
1 мин оқу 410

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судья және сот қызметкері күнімен толықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған 2022 жылғы 31 наурыздағы тиісті қаулы үкімет басшысының сайтында жарияланды.

«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі», деп жазылған құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар