Аймақтар
1 мин оқу 430
Теміржолшылар жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесті
<p style="text-align: justify;">Теміржолшылар Ақтөбе облысында су басып қалған тас жолдағы жүргізушілер мен жолаушыларға қол ұшын созды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Қардың күрт еруінен Ақтөбе-Атырау республикалық тас жолын су басып қалды. Сол себептен Ақтөбе-Алға-Қандыағаш аумағы бойынша автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған болатын. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары тас жолда қалған 100-ге жуық азаматты пойызбен алып шықты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл жұмыс Ақтөбе жол және магистральдық желі бөлімшелері, жергілікті әкімдіктермен бірлесе атқарылған.
Бөлісу: