Ауа райы
1 мин оқу 370

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі

<p style="text-align: justify;">5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте, батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с құрайды, солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 25 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады, түнде өңірдің солтүстік-батысында жел 15-20 м/с артады.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар