Иван Дычконың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11КО) алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, И.Дычконың айқасы 16 сәуір күні Американың Мерфрисборо (Теннесси штаты) қаласында өтеді. Оппоненті – жергілікті спортшы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО). Кездесу 10 раундқа есептелген.
Иван мұның алдындағы жекпе-жегін былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді.
Қазіргі уақытта Дычко Флорида штатында дайындық өткізуде.