Тағайындау
1 мин оқу 371

Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Олжас Төлеуов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

«Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Төлеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың хабарламасында.

Олжас Аязбиұлы Төлеуов 1990 жылы 7 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебі.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы

Тағылымдама және біліктілікті арттыру курстары:

  • Вусонг университетінің Solbridge бизнес мектебі, Корея Республикасы;
  • Ресейдің орталық банкі;
  • Чехия мен Швейцарияның ұлттық банктері
  • БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК)

Еңбек өтілі:

  • Қарағанды облысы Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеді (2012-2013);
  • AERC бизнес-талдаушысы (2013-2015);
  • Стажер, жетекші талдаушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеулер және статистика департаментінің бас талдаушысы (2015-2018);
  • «Applied Economic Research Centre» (қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы) директорының орынбасары, басқарушы директоры (2018-2020);
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Вице-президенті (06.2020-09.2020);
  • Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі (09.2020 бастап)
Бөлісу:
Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар