Қазақстан
1 мин оқу 840

Елімізде темекіге тәуелділер көбейген

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2019 жылғы зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасында 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу – 21,5% болған. Бұл ретте ер адамдар арасында – 38%-дан астамы, әйелдер арасында - 6,4%-ы темекі шегеді. Темекі шегуді бастаудың орташа жасы – 17-ден 18 жас», деді ведомство басшысы.

Министр келтірген статистика бойынша, 15 жастағы ұлдардың арасында темекі шегу көрсеткіші – 10%, қыздардың арасында - 6%.

«Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Ұлдардың арасында 15 жастағы қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%, қыздардың арасында - 6% құрайды», - деді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Елімізде темекіге тәуелділер көбейген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар