Қаржы
1 мин оқу 171

Доллар тағы тоғыз теңгеге арзандады

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасы деректеріне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 5 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 472,76 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 462,35 теңге, ал сатылым - 467,13 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алады, 467,11 теңгеден сатады.

Айта кетейік, KASE сағат 11.00-де доллар бағамын жариялауды тоқтатты.

Бөлісу: