Тарих
2 мин оқу 371

Құнды мұралар музейге тапсырылды

<p style="text-align: justify;">Түркістанда ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын ауда&shy;ру мақсатында өткен &laquo;Музейге сый&raquo; акциясы барысында ғалымдар мен тарих&shy;шылар, жанашыр қала тұрғындары 30-ға жуық құнды мұраларды музей&shy;ге тапсырды.</p>

Құнды мұралар музейге тапсырылды

Олардың қатарында атақты ғалым Шайх Сулейман Жамалдың аудармасы бо­йынша аударылған «Тафсир» кітабы, ата­дан балаға мұра болған ғасырлық қазан, Темуридтер мемлекетінің Әмір Темір атымен 785-786 х.ж. (1383-1385 жж.) және 832 х.ж. (1428-1429 ж.ж) Бұ­ха­ра ақша сарайында соғылған фулусі, Қоқан хандығының екі дана тамшы пішінді, бір дана шаршы пішінді монеталары, XVII ғ. ұсақ сауда ісінде айналымда жүрген төртбұрыш пішінді мыс ақшалар мен Ресей патшалығының нумиз­ма­ти­ка­лық жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауи кесе­несінде жерленген Кәрсон Бек­на­зар­ұлы Таңыбай батырдың порт­ре­ті, көзешінің мөрі бар. Мысалы, ұлдары мен немерелерін ертіп келген 75 жастағы Асылбек Таңатарұлы бабаларынан жеткен үш ғасырлық қола қазанның әрі қарай ке­сене музейінде тұруын жөн санапты. Береке дарыған қола қазаннан қазақтың қаншама жақсылары мен жайсаңдары дәм татқан, әрі әулеттің де ырысы мен бере­кесі іспеттес. Асылбек Таңатарұлы әу­леттің жәдігерін мәңгілікке көздің қара­шы­ғындай сақтау үшін музей қорына өткізіп, елге ақ батасын берді.

Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемле­кет­­тік тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батырдың портреті де елдің ықыласын аударған. Қа­зақ халқы, оның киелі мекені үшін күрескен батырдың портретін тарихи деректерге сүйене отырып, суретші Сапар Хасенұлы майлы бояумен салған. Ба­тыр­дың портретін «Қаракесек Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батыр» атындағы қо­ғам­дық қордың президенті А. Есжанов болашақ ұрпақ үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартты.

Айта кетелік, музейдің қазіргі кезде қор сақтау және есепке алу бөлімінің қо­рын­да 24 558 дана көне жәдігер мем­ле­кеттік тіркеуге алынған, оның 13 640 данасы негізгі қор, 10 918 данасы ғылыми көмекші қор есебінде.

н

 

Түркістан

Бөлісу:
Құнды мұралар музейге тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар