Теннис
1 мин оқу 122

Жеке рекордтарын жаңартты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлем&shy;дік рейтингте өздерінің үздік нәти&shy;желеріне қол жеткізді.</p>

Жеке рекордтарын жаңартты

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Андрей Голубев жұптық сында бір саты жоғарылап, 24-орынға көтерілді. Өткен аптада Колумбиядағы турнирдің финалына дейін жеткен Григорий Ломакин бірден 48 саты көтеріліп, 265-орынға тұрақтады. Ал жекелей сындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орынға төмен сырғып, 37-ші сатыға, Михаил Кукушкин 159-дан 160-орынға жайғасты. Ал Дмитрий Попко 175-тен 169-орынға көтерілді. Ерлер арасындағы рейтингте әдеттегідей сербиялық Новак Джокович көш бастап келеді.

WTA рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-орнын сақ­тап қалса, Юлия Путинцева 47-ден 46-орынға көтерілді. Ал Зарина Диас 112-ден 113-орынға сырғыды. Жұптық сында Анна Да­нилина 21-ші, Жібек Құламбаева 302-орында келеді. Әйелдер арасында Miami Open тур­нирінде топ жарған польшалық Ига Швентек бірінші орынға шықты.

Бөлісу:
Жеке рекордтарын жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар