Аймақтар
1 мин оқу 332

Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртенді

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранған.

Өрт туралы ақпарат 12:35-те түскен. Қызыл жалынмен күрестің13:03-те басталып, 17:33 ауыздықталды.

Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеген. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.

Бөлісу:
Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар