Аймақтар
1 мин оқу 310

Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.</p>

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.

«Оқу-жаттығудың мақсаты - адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.

Бөлісу:
Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар