Экономика
1 мин оқу 350

Қазақстанның 14 өңірінде газ бағасы өсті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда көгілдір отынның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 5%-ға өсті. Бағаның өсуі әсіресе Шығыс Қазақстан облысында көбірек байқалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;Бұл туралы&nbsp;<a href="https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/dobycha-gaza-v-rk-vyrosla-na-9-za-god" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Energyprom</a>&nbsp;сарапшылары айтты.&nbsp;&nbsp;</p>

Сарапшылар 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 10 млрд текше метр табиғи газ өндірілгенін анықтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық.

«Өндірістің басым бөлігі Атырау облысына тиесілі: 4,6 млрд текше метр, жылдық өсім - 18,3%. Көшбасшылардың үштігінде Батыс Қазақстан (3,7 млрд текше метр) және Ақтөбе (1 млрд текше метр) облыстары да бар», делінген зерттеуде.

Ал ішкі нарықта сату 38,3%-ға, 2022 жылғы қаңтарда 1,1 млрд текше метрге дейін қысқарыпты.

«ҚР ішкі нарығында осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша газдың тұтыну бағасы бір жылда 5,4%-ға өсті», дейді сарапшылар.

Елдің 17 өңірінің 14-інде бағаның өскені байқалады. Ең жоғары баға ШҚО-да тіркелген. Анти-лидерлердің үштігінде Маңғыстау (плюс 12%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 11,7%) облыстары да бар. Ең төменгі жылдық өсім елордада -  0,7%. 

Ал Шымкент қаласы, Қызылорда (әр өңірде 2% - дан) және Түркістан (4,4% - ға) облыстарында газ бағасы төмендеген.

Бөлісу:
Қазақстанның 14 өңірінде газ бағасы өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар