Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі
<p style="text-align: justify;">Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншалықты көтерілетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.
«Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индекстеу көзделіп отыр, бұл жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыларды қамтиды», деді Ералы Тоғжанов.
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.