Қоғам
1 мин оқу 552
Алматыда жалпы қалалық сенбілік өтеді
<p style="text-align: justify;">9 сәуірде Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері қатысады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, қала аумағын қыс мезгілінен кейін тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жоспарлануда.
Сонымен қатар жаппай ағаш отырғызу шарасы өтеді.
Бөлісу: