Қазақстан
1 мин оқу 366

«KEGOC» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">&laquo;KEGOC&raquo; акционерлік қоғамына ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды.

«KEGOC» АҚ-на қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-ші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

«Әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
«KEGOC» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар