Елден мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін шығарудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық жобасын шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген бұйрық жобасының мәтінінде.
Құжат 19 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.