Қоғам
1 мин оқу 830

ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінетіні белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жоспар бойынша құрылатын Абай облысы аумағы - 185,5 мың шаршы шақырым. Облыс халқының саны - 638 мың адам.

Абай өңіріне облыстық маңызы бар екі қала - Семей және Курчатов қалалары, сондай-ақ сегіз аудан: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті және Ақсуат аудандары кіреді.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы аумағы - 97,8 мың шаршы шақырым, ал халық саны - 717 мың адам.

Шығыс Қазақстан облысына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай.

Бөлісу:
ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінетіні белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар