Футбол
1 мин оқу 1,812

Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан футбол құрамасы жаңа маусымдағы Ұлттар лигасының 4 тобында кімдерге қарсы шығатыны белгілі болды. Қазақстандық футболшылар алты матч өткізеді, оның үшеуі өз алаңымызда өтсе, қалған үшеуі сыртта өткізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әлемдік рейтингте 125-ші орынды иеленген Қазақстан ұлттық құрамасы ұлттар лигасынан дивизионда Әзербайжан (129), Словакия (45) және Беларусь (93) командаларымен ойнайды. Қазақстандық футболшылар Әзербайжан өкілдерімен алғашқы кездесуін 3 маусымда «Астана Аренада» өткізеді», делінген ҚФФ сайтында.

7 маусымда қазақстандықтар Словакиямен және 11 маусымда Беларусьпен кездеседі. Ұлттар Лигасының екінші айналымы 13 маусымда Словакияға қарсы басталады.

Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қазақстан құрамасы елорда төрінде Беларусь жасағын қабылдайды. Қорытынды ойын 25 қыркүйекте Бакуде өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы ойнайды.

Бөлісу:
Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар