Президент
1 мин оқу 230
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Әңгіме барысында Президенттер қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға сілтеме жасап.</p>
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аударды.
Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.
Бұдан бөлек Президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Бөлісу: