Коронавирус
1 мин оқу 220

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді – ДДҰ

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші екінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аталған ұйым таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.</p>

Соңғы аптада инфекция жұқтырғандар саны 16%-ға, ал қайтыс болғандар 43%-ға азайған.  

28 наурыз бен 3 сәуір аралығында коронавируспен ауру әлемнің барлық аймақтарында төмендеді. Бір апта ішінде әлемде 9 миллионнан астам COVID-19 оқиғасы анықталды. 

Бір аптада әлемде COVID-19 инфекциясынан 26 мыңнан астам адам қайтыс болғаны тіркелді.

Айта кетсек, індет басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 489 миллионға жуық жағдайы анықталып, соның салдарынан 6 миллионнан астам қайтыс болған.

Бөлісу:
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді – ДДҰ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар