Бокс
1 мин оқу 650
Головкиннің деңгейі Муратаны жеңуге жетеді – Мәзімбаев
<p style="text-align: justify;">Жеңіл салмақта IBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасында IBF/IBO/WBA Super орта салмақтағы үш әлем чемпионы атағы бәске тігілетін Токиодағы жекпе-жекке санаулы күн қалды.
- Әр қарсыласқа жауапкершілікпен қарау керек, өйткені бұл бокс. Мурата да әлем чемионы, оған қоса өз еліңде бокстасады. Менің ойымша, айқас оңай болмайды. Бірақ Генаның кәсіби деңгейі жоғары, сондықтан жерлесімнің жеңісіне сенемін, - деді Марат Мәзімбаев.
Бөлісу: