Аймақтар
1 мин оқу 350
Алматы облысында әскери арсенал табылды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған кезекті әскери арсенал табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Талғар ауданында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
«Жауынгерлік арсенал сөмкелер мен полиэтилен пакеттерге оранған. Қару-жарақ 5 сәуірде Рысқұлов кентінің маңындағы алаңнан табылды. Сөмкеде Browning мылтығы, 10 көзден жас ағызатын және шулы гранаталар, дене сауыты, әртүрлі калибрлі қаруға тиесілі 7,62 мм және 9 мм 100 патрон табылды», делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу: