Қазақстан
1 мин оқу 510

Қазақстандық тұқым мен бидайға экспорттық сұраныс артады

<p style="text-align: justify;">ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандық өнімдерге, атап айтқанда: күнбағыс тұқымдары, ұн, бидай мен майлы дақылдарға экспорттық сұраныс өсетінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біз қазір күнбағыс тұқымына, майлы дақылдарға, бидай, ұн және осы өнімдерді өңдеудің барлық спектріне сұраныс артады деп болжай аламыз. Біздің міндетіміз - бұл сұранысқа дайын болу және алдымен қазақстандықтардың жеке қажеттілігін қанағаттандырып, артығын экспортқа шығару мақсатында әрекет ету», деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, азық-түліктің барлық түрі, соның ішінде күнбағыс майы мен ұн да біршама қымбаттады.

«Біз барлық алқаптарды барынша егіп, жақсы өнім алуымыз керек. Қолымызда бар агротехнологияларды тиімді пайдалану қажет», деді министр.

Бөлісу:
Қазақстандық тұқым мен бидайға экспорттық сұраныс артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар