Спорт
1 мин оқу 951

Жекпе-жек уақыты белгілі

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Рёта Мурата арасында өтетін жекпе-жектің нақты уақыты белгілі болды. Бұл туралы бокс кешін тікелей эфирде көрсететін Qazsport телеарнасы хабарлады.</p>

Жекпе-жек уақыты белгілі

«Жапонияның Сайтама қаласында ұйымдастырылатын Головкин-Мурата арасындағы кәсіпқой бокс кешінің трансляциясы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Кездесуді теледидардан бөлек, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар», делінген ресми хабарламада.

Ал негізгі жекпе-жектің нақты уақыты әзірге белгісіз. Өйткені барлығы андеркардта шаршы алаңға шығатын боксшылардың кездесулеріне байланысты. Дегенмен, бейресми ақпарат бойынша, Головкин-Мурата айқасы елорда уақытымен кешкі 19:00 – 20:00 аралығында басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Голов­киннің орта салмақтағы IBF, IBO және Му­ратаның WBA Super чемпиондық бел­беулері сарапқа салынады.

Бөлісу:
Жекпе-жек уақыты белгілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар