Екі елдің азаматтығын аламын деп елден қуылды
<p style="text-align: justify;">71 жастағы ер адам Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын айтпаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Наурыз айының 29-ы күні 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған. Ер адамның атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот материалды қарап, шетел азаматын ел шекарасынан шығару жөнінде шешім қабылдады», деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ел азаматы шетелдік азаматтықты алу туралы фактіні Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе Қазақстан Республикасы шекарасынан шығарылады.