Әлем
1 мин оқу 232
Йемен вице-президенті қызметінен босатылды
<p style="text-align: justify;">Йемен президенті Абдураббу Хади Мансур өзінің орынбасары Әли Мухсин әл-Ахмерді қызметінен босатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Йемендік Saba ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент вице-президентті қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды.
Агенттіктің хабарлауынша, президент мұндай шешімді ел конституциясына сәйкес және Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бастамасымен қабылдаған.
Әл-Ахмер 2016 жылдың сәуірінен бері елдің вице-президенті қызметін атқарды.
Бөлісу: