Алтай ауданына әскер мен техника жіберілді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіптердің алдын алу және мониторинг жүргізу мақсатында Алтай ауданына 68303 әскери бөлімінің 15 әскері мен 2 техника жіберілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Әскерилермен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заречный көшесінде 25 метр арық жүйелері мұздан арылды, Грязнушка өзеніндегі көпірдің асты ені 2 метр, тереңдігі 70 сантиметр тазартылды. Лазо көшесінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерден бастап, ұзындығы – 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйелерін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді», делінген хабарламада.