Футбол
1 мин оқу 470

Ширек финал ойындары басталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Сейсенбі және сәрсенбі күндері футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалдық бәсекелерінің алғашқы матчтары өтті.</p>

Ширек финал ойындары басталды

Бірінші күнгі ойындарда «Манчестер Сити» өз алаңында Мадридтің «Атлетикосын» қабылдап, де Брюйненің жалғыз голының арқасында жеңіске жетсе, «Ливерпуль» Португалияда «Бенфика» клубынан басым түсті – 1:3. Конате, Мане және Диастың голдарына алаң иелері сапынан Нуньес бір голмен жауап қайтарды. Қарымта кездесулер 13 сәуірге жоспарланған.

Ширек финалдың орталық кездесуі саналған екінші ойын күніндегі матчта «Реал» Лондонда турнирдің қазіргі жеңімпазы «Челсиді» Кәрім Бенземаның хет-тригі арқасында 3:1 есебімен ұтты. «Челси» клубынан Кай Хавертц мергендігімен көзге түсті. Қатар өткен екінші матчта «Бавария» қонақта «Вильярреалдан» жеңіліп қалды. Жалғыз голдың авторы – Арно Данжума. Бұл төрттіктің жауап ойыны 12 сәуірде өтеді.

Бөлісу:
Ширек финал ойындары басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар