Қазақстанның Моңғолия мен Қытайдағы елшілері тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда сайтына сілтеме жасап.</p>
«Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған. Бұған дейін Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев та қызметінен босатылған еді.