Теннис
1 мин оқу 185
Монте-Карло мастерс турниріндегі Александр Бубликтің қарсыласы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
А.Бублик алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік 236-орында тұрған швейцариялық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы Станислас Вавринкамен шеберлік байқасады. Өткен жылы осы ірі жарыста қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде-ақ сүрінген болатын. Биыл Монте-Карло додасы 10-17 сәуір аралығында өтеді. Онда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович бастаған маңдайалды теннисшілер өнер көрсетеді.
Бөлісу: