Аймақтар
1 мин оқу 310

Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

<p style="text-align: justify;">8 сәуірде Қапшағай қаласында жас жұбайлар асулы күйінде табылды. Жігіт 22 жаста болса, ал жас келін небәрі 18 жаста, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыз) мәйіттері 8 сәуірде Қапшағай қаласында қалалық жанар-жағармай бекеттерінің біріне жақын маңнан табылды. Жәбірленушілер асулы тұрды. Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, сондықтан ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін деп болжам жасауға болады», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар