Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті
<p style="text-align: justify;">Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Аулаларды, саябақтар мен скверлерді, су қоймаларының жағалауларын тазалауға 60 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Экологиялық акция барысында сақ қорғандарының аумағында, Алатау ауданының Қарағайлы орманында, Сайран көлі мен Қарғалы өзенінің жағасында жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызылған.
Сенбілік кезінде қаланың эстетикалық түрін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді: турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар сырланды.
Қоқысты шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарының 502 бірлік арнайы техникасы тартылды. Қала тұрғындары барлығы 10 910 текше метр қоқыс жинаған.
